Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 ай бұрын 458 halaldamu.kz
АЛМАТЫДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Романовский продукт» және «Happy cake» кондитерлік өнімдері сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Ерлан Тайлақов табыстады.

«Бұған дейін «Романовский продукт» өнімдерінің Астана қаласындағы цехтары сертификатталған еді. Бүгін міне, бірнеше айға созылған аудит нәтижелерінен кейін Алматыдағы цехын да халал талаптарына сәйкестендірдік. Сонымен қатар, «Happy cake» кондитерлік кәсіпорынның да Алматы қаласы бойынша барлық сату орындары «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталуда», – деп хабарлайды маманымыз.

Кәсіпорындарға берілген сертификат мына мерзім аралығында жарамды:
«Романовский продукт»: 30.11.2023-29.11.2024 жж;
«Happy cake»: 22.12.2023-21.12.2024 жж

АЛМАТЫ Қ.: 6 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Аброй Групп» және «Nur-Mak.ko» шұжық өндірісі, «Waffle», «Del Cappuccino», «Master coffee» тамақтану орындары, «Asatu» кондитерлік цехы халал стандартына сай сертификатталды. Әр кәсіптің басын ұстаған белді кәсіпкерлер жергілікті өкілдікке жиналып, ресми түрде «QMDB Halal» сертификаты табысталды. 

Кәсіпкерлерге халал сертификатын табыстаған жергілікті өкіліміз Ерлан Тайлақов: «Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін!», – деді.

ҚОСТАНАЙ: ЖҰМАДА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

Қасиетті Жұма күні Қостанай қаласындағы «Моя Узбечка» және «Qazak et» тамақтану орындары халал стандартына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Алишер Балахмет жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпкерлерге «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Халал саласындағы стратегиялық бағдарламаларды сапалы жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде халал кәсіпорындар саны артуда. Бұл – орталық аппарат пен жергілікті мамандарымыздың бірлескен тынымсыз еңбегінің жемісі. Халықтың сұранысын қамтамассыз етіп жатқан адал кәсіптің дамуына үлес қосыңыздар, адал өнімді тұтыныңыздар! Алла ізгі істің басында жүрген осындай кәсіпкерлеріміздің жұмысына береке беріп, кәсіптері табысты болғай!», – деді өкіліміз. Сонымен қатар, Алишер Балахмет «Моя Узбечка» дәмханасының ашылу салтанатына қатысып, дәмхана қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинарын өткізді.

Кәсіпорындарға берілген сертификат мына мерзім аралығында жарамды:
«Моя Узбечка» дәмханасы: 27.12.2023-26.12.2024 жж. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әль-Фараби даңғылы, 67;
«Qazak et» дәмханасы: 19.12.2023-18.12.2024 жж. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, М.Дулатов көшесі, 267.

0 пікір
Мұрағат