Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
9 ай бұрын 976 halaldamu.kz
«Solwell» БАД өнімдері сертификатталды 

Тағамдық қоспалар, органикалық косметика, функционалды тағамдар өндіретін «Adamspace Bio» кәсіпорны «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталды. Мамандардың бірнеше этапты жұмысының оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды.

«Халал Даму» технологы Мейіржан Тілектес өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнім түрлерімен, өндіріс қарқынымен танысып қайтты. «Барлық өнімдер органикалық, табиғи негізден дайындалады. Шикізат ретінде түрлі шөптер, жидектер, Іле Алатауынан алынған жемістер қолданылады. Кәсіпорын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өндірістің өнім өндіруден бастап сатуына дейінгі барлық кезеңдерімен толықтай таныстым», – дейді маманымыз.

Нәтижесінде, «Solwell» сауда белгісімен БАД өнімдерін өндіретін «Adamspace Bio» кәсіпорнына №000254 «QMDB HALAL» сертификаты табысталды. Сертификат 11.09.2023-10.09.2024 жылдар аралығында бір жылға жарамды.

Астана қ.: «Bauyrdaq» дәмханасы сертификатталды 

Астана қаласындағы «Bauyrdaq» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дәмхана қызметі мен өнімдері «Қоғамдық тамақтану қызметтері» стандартына сай деп танылып, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал сертификатын табыстады. 

Технолог мамандар «Bauyrdaq» дәмханасында тиісті аудит шараларын жүргізіп, мекеме қызметкерлеріне халал стандарты талаптары мен ережелерін түсіндіріп, оқу-семинар өткізді. «Bauyrdaq» дәмханасының 

  • Сығанақ көшесі, 17П;
  • Сәтпаев көшесі, 22 мекен-жайлары бойынша орналасқан орындарына берілген «QMDB HALAL» сертификаты 05.09.2023-04.09.2024 мерзімі аралғында жарамды. «Bauyrdaq» дәмханасының халал стандарты талаптарына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

Жамбыл облысында 6 кәсіпорын сертификатталды 

Жамбыл облысындағы бірнеше кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, ЖК «Турлыбаев» (Maki-Maki), ЖК «Gourmet» (фаст фуд) өнімдері , ЖК «Мир Шашлыков» (жартылай фабрикаттар), ЖК «Абдуллаев» (шұжық өнімдері), ЖШС «LF Company» (сүт өнімдері), ЖШС «Сәуле кондитерлік фабрикасында» кәсіпорындарына сертификат табысталды.

Жергілікті технолог, инспектор-контролер маманымыз Аблайхан Карипбаев: «Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді деген шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, кем-кетік тұстары стандартқа сәйкестендірілді. Өнімнің сапасы мен халалдығын қатар алу жүру үшін кәсіпорын қызметкерлеріне түсіндіру, ақпараттандыру шарлары жүргізілді. Екі жақтың бірлескен шараларының оң нәтижесінен кейін ғана сертификат берілді», – деп хабарлайды.

0 пікір
Мұрағат