Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
11 ай бұрын 574 halaldamu.kz
ШҚО: «Восток-Молоко» ЖШС сүт зауыты сертификатталды 

Шығыс аймаққа сүт өнімдерімен танымал болған «Восток-Молоко» ЖШС «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша «QMDB Halal» сертификатын алды.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы халал өнім өндіруге ниеттенген мекеме басшысына сертификатты табыстап: «Халал ас бұл дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар — мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана алады деп есептеймін. Алла кәсіптеріңізге береке берсін», деді.

«Восток-Молоко» корпорациясы 1999 жылғы 23 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 60-тан астам түрін өндіреді: әр түрлі майлылығы бар пастерленген сүт, ассортименттегі ашытылған сүт өнімдері, құрамында бифидобактериялар бар ашытылған сүт сусындары, қаймақ, сүзбе және сүзбе өнімдері, ассортименттегі сары май, қатты, жұмсақ, тұзды, балқытылған ірімшіктер. Барлық өнімдер бекітілген технологиялық нұсқаулықтарға сәйкес нормативтік құжаттама (ГОСТ, ҚРСТ) бойынша өндіріледі. Сүт өнімдерін өндіруге 100% қазақстандық шикізат пайдаланылады. Шикізатты жеткізудегі серіктестер облыстың үздік шаруашылықтары болып табылады, сондай-ақ «Восток-Молоко» корпорациясының төрт жеке шаруашылықтары бар. Бобровка ауылында Қазақстандағы алғашқы заманауи роботтандырылған ферма.

«Восток-Молоко» ЖШС өз өнімдерін көрмелерде, жәрмеңкелерде, оның ішінде халықаралық жәрмеңкелерде тұрақты түрде көрсетеді, байқау-конкурстарға қатысады. Кәсіпорын ISO 9001 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесімен сертификатталған. Өнімнің жоғары сапасы сәйкестік декларациясымен расталады. Сүт өнімдерінің сапасы үшін кәсіпорын 1999 жылдан бастап жыл сайын грамоталармен, медальдармен, дипломдармен марапатталды. Өнімдер Шығыс Қазақстан облысы бойынша, Астана қаласына және Ресей Федерациясына жеткізіледі.

"RUMI" ресторан желісі сертификатталды 

Алматы және Астана қалаларындағы ірі ресторандар желісінің бірі – "RUMI" халал сертификатына ие болды.  "RUMI Co",  "Grand Alatau Food", "Megarestoran", "Restplov", "Мирон Проперти" кәсіпкерлігіне тиесілі "RUMI" ресторандар желісінің  бес нүктесі "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму"директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Қоғамдық тамақтану орындарын сертификаттау ұқыптылық пен тиянақтылықты қажет етеді. Себебі, шикізатынан бөлек, ас-суына дейін тексеруге тиіспіз. "RUMI" рестораны да технологтар мен бақылаушылар тарапынан толықтай тексерілді. Ресторанның өндіріс аумағы, дайын тағамдары, санитарлық тазалығы өте жоғары деңгейде", – деген Айбек Асқарбекұлы "RUMI" рестораны қызметіне көңілі толатынын жеткізді.

"RUMI" ресторан желісі "QMDB Halal" сертификаты 16.05.2024 жылға дейін жарамды екендігін хабарлаймыз! 

Мекен-жайлары: 

Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 2Т;

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 62;

Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 127/1;

Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 92/87;

Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 7, н.п. 1А;

0 пікір
Мұрағат