ЕҢ ІРІ ЖЕЛАТИН ӨНДІРІСІ СЕРТИФИКАТТАЛУДА
|

Қазақстан мұсылмандары діни бақарамасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Тәжікстандағы ең ірі желатин өндіруші кәсіпорын басшылығымен келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелер бойынша кеңесші Сүйіншәлиев Мұхтар Ғалиұлы арнайы қатысты.
Тараптар кәсіпорын аумағында алғашқы аудит жұмыстары жүргізіліп, желатин өндірісімен танысты. Сондай-ақ, желатин өндірісіндегі шикізат көздері, технологиялық талаптар және өнімнің халал стандарттарына сәйкестігі туралы талқылады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы халал өнімдерін сертификаттау және экспорттау, екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды.
Кәсіпорын өкілдері халал талаптарына сай жұмыс жүргізуге мүдделі екендіктерін білдіріп, «Халал Даму» мекемесімен серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Айбек Асқарбекұлы Қазақстандағы халал индустриясының даму деңгейі, сертификаттау талаптары және халал стандарттарының маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Келіссөздер нәтижесінде екі тарап бірлескен жұмыс жүргізу және Тәжікстанда өндірілетін халал желатинді Қазақстан нарығына шығару мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде уағдаласты.
АСТАНА: «DONER NA ABAYA» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Астана қаласындағы «Doner na Abaya» фаст-фуд дәмханалар желісі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аталған дәмхана «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021» стандартына сәйкес деп танылды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Сертификаттау процесі барысында кәсіпорынның өндірістік және санитарлық-гигиеналық жағдайлары жан-жақты тексеріліп, шикізаттың шығу тегі мен сапасы сарапталды. «Халал Даму» мамандары мекеме қызметкерлеріне халал стандарттарының талаптарын түсіндіріп, өнім дайындау барысындағы маңызды аспектілерге ерекше назар аударды.
Тексеру барысында шикізаттың «QMDB Halal» стандартына сәйкестігі, ет және ет өнімдерінің қадағалануы, сертификатталған өнімдерді ғана пайдалануы, ас дайындау процесінде бөгде, халал емес өнімдердің қолданылмауы, аймақтың тазалығы және санитарлық талаптардың орындалуы, асхана қызметкерлерінің халал талаптарын білуі және оларды сақтауы назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде «Doner na Abaya» дәмханалар желісі жоғарыда аталған талаптарға толықтай сай деп танылды. Осыған орай, кәсіпорынға халал сертификаты ресми түрде табысталды.
УНИВЕРСИТЕТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматыдағы «SDU University»-ң «Naubay bakery» асханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аталған асхана «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар ЖШС СТ 96090-1-2021» стандартына сәйкес деп танылды. Сертификатты Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы табыстады.
Сертификаттау барысында асхананың өндірістік процестері жан-жақты тексерілді. «Халал Даму» мамандары шикізаттың халалдығы, өнім дайындау барысында қолданылатын ингредиенттердің құрамы, сақтау және тасымалдау талаптарының стандартқа сәйкестігін қадағалады. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайына, тағам әзірлеуде қолданылатын жабдықтар мен ыдыстардың тазалығына ерекше мән берілді.
Бақылау шаралары нәтижесінде «Naubay bakery» асханасының халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталды. Осыған орай, сертификат табысталып, асхана қызметкерлеріне халал стандарттарын қатаң сақтау бойынша қосымша нұсқаулықтар берілді.
Асхананың мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Аблайхан көшесі, 1/1.