ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН «ӘЙЕЛДЕР-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН «ӘЙЕЛДЕР-ҚЫЗДАР» СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
8 жыл бұрын 7158 muftyat.kz Ақбөпе Қанатқызы
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында тұңғыш рет жаңа қызмет түрі пайда болды. Астана қаласы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлының басшылығымен қаладағы мұсылман əйелдерінің қатысуымен үстелбасы әңгіме өтті.

Аталмыш жиналыста Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен «Жалпы жəне жастар ісі» бөлімнің жанынан «Əйелдер-қыздар» секторы ашылғандығын және сектор меңгерушісі болып «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұлағатты ұстазы Тілегенова Ақбөпе Қанатқызының тағайындалғанын жеткізді.

Ақбөпе Қанатқызы 1980-жылы 30-қыркүйекте Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмоновка ауылында дүниеге келген.

2002-жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетін дінтану және араб тілі мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді.

2002-жылыТүркия Республикасына дінтану мамандығы бойынша білім мен біліктілікті жетілдірген.

2002-2005 жж. «Халықаралық қазақ-араб» университетінде оқытушы;

2005-2007 жж. Алматы қаласындағы қыздар медресесінде оқытушы;

2007-2009 жж. ҚМДБ-ның «Шымкент» медресесі қыздар бөлімінің меңгерушісі;

2009-2010 жж. «Қазақстан – 2030» жастарды қолдау қорына қарасты орталықтың оқытушысы;

2009-2012 жж. ҚМДБ-ның «Нұр Астана» орталық мешітінің оқытушысы;

2012-2016 жж. ҚМДБ-ның «Әзірет Сұлтан» мешітінде оқытушы болып қызмет атқарып келеді.

2014-жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған Жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ);

2015-жылдан бастап ҚР МСМ Дін істері комитеті жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі.

14 жылдан бері оқу орындары мен медреселерде жүздеген кәсіби исламтанушы мамандарды дайындап, мешіттерде қыз-келіншектердің діни сауатын ашты. Көптеген халықаралық, республикалық ғылыми танымдық форумдар мен конференцияларға, семинарлар мен дөңгелек үстелдерге қатысып баяндамалар оқыды. Республикалық газет-журнал беттерінде, сайттарда ғылыми-діни танымдық мақалалары мен сұхбаттары жарық көрген.

0 пікір
Мұрағат