ДІН ІСТЕРІ МИНИСТРІ ҚМДБ-НЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)
ДІН ІСТЕРІ МИНИСТРІ ҚМДБ-НЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ (ФОТО)
7 жыл бұрын 2664 muftyat.kz

Дін істері және азаматтық қоғам министрлі Нұрлан Ермекбаев кеше ҚМДБ-ның басшыларымен кездесу өткізді. Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен кездесу барысында жаңа басшы ҚМДБ-ның жұмысымен танысып, министрліктің алға қойған мақсат-міндеттерімен бөлісті.

Кездесу аясында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекітілген төрт бағыт бойынша (уағыз-насихат жұмыстары, діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шаралары) осы кезге дейін атқарылған ауқымды шаралар жайында есеп беріп өтті. Сондай-ақ, былтырғы жылдың басты оқиғалары мен қорытынды есебі баяндалған арнайы видеобаян қойылып, қонақтар назарына ұсынылды.

Кездесу аясында министр Нұрлан Ермекбаев баяндама жасап, жаңа министрліктің алға қойған жоспар-мақсаттарымен бөлісті. Еліміздегі діни ахуалды тілге тиек еткен министр мырза салафизм ағымымен күрес жұмыстарын күшейтуді баса айтты. Сондай-ақ, діни қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы зайырлылық қағидалары секілді тақырыптар да қозғап өтті.

Кездесу барысында аталмыш мәселелер бойынша ҚМДБ-ның басшылары мен министрлік өкілдерінің түрлі ұсыныстары тыңдалып, жұмыс жоспары талқыланды. 

0 пікір
Мұрағат