Биыл алғашқы болып халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Биыл алғашқы болып халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1937 halaldamu.kz
Нұр-Сұлтан: «Okadzaki» ресторан желісі сертификатталды

Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарының бірі – «Okadzaki» ресторан желісі «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. «Okadzaki» ресторан желісінің 7 тамақтану орны «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай сертификатталды. «Okadzaki» елордадағы танымал ресторан желілерінің бірі. 2016 жылы ашылған шағын суши желісі бірнеше жылдың ішінде алпауыт ресторанға айналды. Біздің басты құпиямыз –тәжірибелі аспаздар, балғын көкеністер мен табиғи азық-түліктерден дайындалатын өнім, ең бастысы талғампаз тұтынушылардың көңілін таба білуіміз. Әр тұтынушының талап-тілектерін назардан тыс қалдырмай, халал өнімді таңдаушылардың ұсынысы бойынша «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өтуді жөн көрдік. Бірнеше айға созылған халал стандарттау және сертификаттау барысында, «Халал Дамудың» кәсіби білікті мамандары үздіксіз қолдау, бағыт-бағдар көрсетті. Нәтижесінде, халал сертификатына ие болып қана қоймай, ас дайындау технологиясын одан әрі жақсарта түстік. Алдағы уақытта «халал» таңбасыны лайықты қызмет атқаратын боламыз», – деген «Okadzaki» рестораны өкілі діни басқарма қызметкерлеріне алғысын білдірді. «Okadzaki» ресторан желісі «QMDB Halal» сертификаты 20.01.2022-19.01.2023 мерзімі жарамды екендігін хабарлаймыз! «Okadzaki» ресторан желісінің мекен-жайлары: Темірқазық, 65 Мәңгілік ел, 21/2 Сығанақ, 15 Рысқұлбекова, 29 Мәңгілік ел, 56 Абай, 59 Қонаева, 14Б ![WhatsApp Image 2022-01-21 at 13.14.01.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/61e/a5d/bfb/61ea5dbfb6c22646956687.jpeg)

Нұр-сұлтан қ.: «CTR Chicken» фаст-фуд өнімдері сертификатталды

**«CTR Chiken» фаст-фуд өнімдерінің Нұр-Сұлтан қаласындағы бес сауда нүктесі «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Омарова табыстады. «CTR Chiken» фаст-фуд өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды.** «1996-2011 жылдар аралығында Еуропаның қақ ортасында 17 фаст-фуд дүкенін ашқан «CTR Chiken» кәсіпорнының құрылтайшылары 2018 жылы Қазақстанмен франчайзинг туралы келісімшартқа қол қойып, өз жұмысын бастайды. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлеріндегі «CTR Chiken» фаст-фуд дәмханалары «QMDB Halal» стандартына сай сертификаталуда. Алматы қаласындағы «CTR Chiken» фаст-фуд өнімдерін сертификаттау барысында өндіріс орнында тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қолданыстағы шикізаттары мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан тексерілді. Толыққанды аудит жұмыстарынан кейін кәсіпорын халал талаптарына толықтай сай деп танылды. Халыққа халал ас ұсынып, ел және ұлт болашағы үшін алаңдатушылық танытқан сіздерге Алла разы болғай! Адал кәсіптеріңіз жандана берсін!» – деген Айжан Қалмаханқызы «CTR Chiken» кәсіпорнына ризашылығын білдірді. ![WhatsApp Image 2021-12-29 at 16.41.38.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/61c/d8e/a3e/61cd8ea3ec6ab215681250.jpeg)

0 пікір
Мұрағат