«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 250 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙДЫ
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ  250 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙДЫ
5 жыл бұрын 2507 muslim.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздегі барлық мешіттерді «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Тұрмысы төмен мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасап, мектепке асыққан бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасына ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі де орасан үлес қосу үстінде. 23-тамыз күні бас шаһардағы 11 мешіт бойынша басталған игі шара аясында бүгінгі таңға дейін 400 отбасыға көмек көрсетілді.

Осы орайда, 26-тамыз күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Шара барысында Елордамыздағы тұрмысы төмен 250 отбасыға мектеп сөмкесі, қажетті құрал-жабдықтар және формаға қажетті қаржылай көмек үлестірілетін болады. 

Өтетін жері: «Әзірет Сұлтан» мешіті.

Өтетін күні: 26-тамыз, 15.00-де. 

Байланыс телефоны:
8 707 517 73 88.

0 пікір
Мұрағат