|
Атырауда бірқатар кәсіп нысандарына ҚМДБ “Халал” сертификаты берілді
|
Атырауда “Амангелді ЖК” балық өнеркәсібі мен “Ташкент плов” дәмханасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халал стандарт сертификатын иеленді.
“Халал даму” мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорындар халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екендігі анықталды.
Сертификатты “Иманғали” орталық мешітінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мен “Халал даму” мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы табыстады.
Сертификаттың жарамдылық мерзімі бір жыл.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды