«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ: ӘДЕБІ МЕН ӘЛЕУЕТІ» ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТЕДІ
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ: ӘДЕБІ МЕН ӘЛЕУЕТІ» ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТЕДІ
5 жыл бұрын 2833 muslim.kz

Ақпан айының 25-жұлдызы күні ҚМДБ Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желі: әдебі мен әлеуеті» атты семинар-тренинг өтеді. Семинар жұмысына Елордамыздағы барлық мешіт имамдары мен ұстаздары, сайт әкімшілері қатысатын болмақ.

Семинар аясында Елордамыздың діни қызметкерлеріне Баспасөз саласымен жұмыс жасау тетіктері түсіндіріліп, әлеуметтік желідегі әдептілік мәселелері қозғалатын болады. Әлеуметтік желіні пайдалана отырып, дін насихатын дамытудың жолдары көрсетіліп, маркетолог мамандардың әдістемелік кеңестері кеңінен түсіндірілетін болады.

Семинар соңынан қатысушыларға ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің атынан арнайы сертификат табысталады.

ӨТЕТІН ЖЕРІ: «Әзірет Сұлтан» мешіті, конференц зал

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ: 25-ақпан, 15.00.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 8 707 517 73 88

0 пікір
Мұрағат