Қазақстандықтар ресейліктер мен белорустерге қарағанда ашқұрсақ жүреді
Қазақстандықтар ресейліктер мен белорустерге қарағанда ашқұрсақ жүреді
3 жыл бұрын 8294 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Аштықтың төзуге әрі көнуге болатын деңгейі туралы дерек келтірілген елдер рейтингісінде Қазақстан 107 мемлекеттің ішінде 21-ші орынға табан тіреген екен. Бұл жайында islam.kz порталы Energyprom.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Global Hunger Indeх зерттеуінің нәтижесіне қарағанда, әлемде 690 млн-ға тарта адам тойып тамақ ішпейді. Бұдан бөлек, 144 млн бала ұдайы ашқұрсақ жүретіндіктен бойының өсуі тежелген және 47 млн бала арып-азудан азап шегіп отыр. Десе де сарапшылар пандемияға қарамастан 2020 жылы күллі әлемдегі аштық деңгейі бір қалыпты болғанын алға тартып отыр. Яғни, жұқпалы індетке байланысты елдер арасындағы сауда-саттық пен экономикалық байланыс бәсеңсігенімен аштық белең алмаған. Аталмыш тізім бойынша еліміз аштықтың деңгейі төмен елдер қатарынан табылған – 5,4. Десе де бұл мәліметте болашақта аштықтың деңгейін арттыруы мүмкін COVID-19 факторы ескерілмегенін айта кетпекпіз. Еуроазиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында Қазақстан Ресей мен Белорустен кейінгі орында тұр, ал осы одақ құрамындағы Қырғызстан мен Арменияға қарағанда жағдайы жақсы. Аталған рейтингтің ең соңында Африка құрлығында орын тепкен Чад мемлекеті тұр. Сарапшылардың келтірген дерегінше, 2021 жылдың бас кезінде, дәлірегі, қаңтар-ақпан айларында еліміздегі тағам өндірісіне 18,3 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3,1 есе жоғары.

Пікір білдірілмейді.
Мұрағат