Қазақстандағы Al Hilal ислам банкінің атауы өзгертілді
Қазақстандағы Al Hilal ислам банкінің атауы өзгертілді
2 ай бұрын 558 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қазақстандағы Al Hilal ислам банкінің жалғыз акционері Әбу-Даби Коммерциялық Банкі (ADCB) банктің жаңа атауын бекітті, деп хабарлайды islam.kz порталы қаржылық есеп депозитарийінің сайтына жөн сілтеген forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Енді қаржы институты «Ислам банкі» ADCB» деп аталады. Al Hilal ребрендингі (брнедті өзгертуден бастап аса ауқымды шараларды қамтитын маркетингтік  стратегия) туралы дерек 2024 жылдың шілде айында ADCB тобы өзінің Орта Азия аймағындағы стратегиялық маңызы мен ықпалын арттыру бағытында жұмыс істейтінін жариялаған кезде белгілі болды. Бұл қадам Қазақстанда шариғат талаптарына сәйкес келетін корпоративтік банктік қызметтердің түрлі қызметін көрсететін хаб құру арқылы жүзеге асырылатыны айтылды. Сонымен бірге, ADCB Қазақстандағы бөлшек сауда қызметін қысқартуды көздеп отыр.  ADCB тобы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен банк холдингі мәртебесіне ие болуға қатысты келісімін және «Al Hilal Islamic Bank» акционерлік қоғамының жай акцияларының 100%-ын сатып алуға рұқсат алды. Осы орайда Қазақстандағы Al Hilal банкінің 2010 жылы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері үкіметтері арасындағы келісім бойынша құрылғанын және 170 миллиард долларға жуық активтері бар БАӘ-дегі ең ірі банктік топтардың бірі ADCB құрамына кіретінін айта кетпекпіз. ADCB тобының негізгі акционері - Әбу-Даби үкіметінің негізгі тәуелсіз қорларының бірі -Mubadala Investment Company компаниясы.

 

0 пікір
Мұрағат