Қазақстанда шағын кәсіпкерлер күрт азайып барады
Қазақстанда шағын кәсіпкерлер күрт азайып барады
10 жыл бұрын 2951 7kun.kz, ranking.kz

Қазақстандағы шағын бизнестегі жеке кәсіпкерлер саны азайып жатыр. Қыркүйектік қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлер көлемі 10,8%-ға қысқарған. 

Әсіресе, белсенділік ауыл шаруашылық секторында құлдырады, жеке кәсіпкерлер саны бірден 41,4%-ға немесе 59,1 мыңға дейін азайды. Ал білім беру саласында (+13,7% немесе 6,4 мың ЖК), құрылыс (+3,7% немесе 19,2 мың ЖК) және ойын-сауық (+1,5% немесе 6,8 мың) сферасында өсім байқалды.

Шағын компаниялардың белсенділігі артып жатыр, қыркүйек қорытындысы бойынша заңды тұлғалар саны бір жыл ішінде 11% немесе 190,6 мыңға дейін өскен.

Ең жоғары өсім білім беру (+28,9%, 4,6 мың шағын заңды тұлға), ауыл шаруашылық, орман және балық шаруашылығы (+26,8%, 7,7 мың), өнер, ойын-сауық, демалыс (+26,3%, 1,6 мың) сферасында тіркелген.

Негізгі себеп — ірі және орта бизнес, банктер, мемлекеттік компаниялар жеке кәсіпкерлерге қарағанда заңды тұлғалармен жұмыс істеуді тиімді деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат