Елімізде өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдалану кең таралған
Елімізде өзгенің тауар белгісін заңсыз пайдалану кең таралған
8 жыл бұрын 3155 Baq.kz

Елімізде зияткерлік саласында өзгенің тауарлық белгісін заңсыз пайдалану кең таралып кетті. Бұл туралы Астана Әділет департаментінде өткен қоғамдық отырыста Әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімнің бас маманы Әсел Сибағатова айтты.

«Заң жобасындағы 12 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заң жобасын әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының тәжірибесі зерттелді. Сонымен қатар, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігі назарға алынды», - деді бас маман өз баяндамасында.

Оның айтуынша, заң жобасында тиімді тұстар көп. Мәселен, зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесін құру, тіркеуге қатысты дауларды сотқа дейін қарау жұмыстарын кеңейту, сонымен қатар, таңбаны заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы алу құқығын қамтамасыз ету жағы қарастырылған.

«Елімізде зияткерлік саласында өзгенің тауарлық белгісін заңсыз пайдалану кең таралған. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғандардан 500-ден 10 мың АЕК-ке дейін немесе тауар құнынан екі есе көлемінде өтемақы алу құқығын беру нормасын енгізу ұсынылып отыр», - деді Әсел Сибағатова.

0 пікір
Мұрағат