Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады
Қазақстанда жыл сайын 15 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмады
8 жыл бұрын 2975 Baq.kz

Әлемде жыл сайын 1 млн-нан астам адам бас және мойынның қатерлі ісігімен ауырса, оның ішінде 800 мыңға жуығы қайтыс болады. 

Ал, осы дертпен Қазақстанда жыл сайын 2000-ға жуық адам ауырады. Біздің еліміз онкологиялық ісіктер таралуы жағынан алтыншы орында тұр. 2014 жылы Қазақстан бойынша 1967 ауыз қуысы мен тамақ онкологиялық ісіктері тіркелген, оның ішінде ауыз қуысы мен тамақ 39 пайыз, қалқанша безі 29 пайыз және ерін 9 пайызды құрап отыр.

"Қазақстанда жыл сайын 36 мыңға жуық адам қатерлі ісік аурумен ауырып, оның 15 мыңы қайтыс болады. Қазіргі таңда қатерлі ісік ауруына шалдығушылар Қазақстанның солтүстігінде көп. Солтүстікте өкпе ауру болса, Алматыда сүт безінің ауруы, яғни әр аймақта географиялық орналасуына байланысты болады. Қазіргі таңда 6 клиникалық аурухана жұмыс атқарады. Олар сүт без ісігі, жатырдың мойын ісігі, ішек ісігі, асқазан ісігі, өңеш ісігі, бауыр ісігі",- деді Алматы қаласының бас онкологы Диляра ҚАЙДАРОВА.

Еуропа апталығының бас және мойын қатерлі ісік диагностикасының ұйымдастыруымен 2016 жылдын 1 тамызы мен 23 қыркүйек аралығында Алматы, Астана, Қарағанды және Өскемен қаларында тегін диагностикадан өтуге болады. Іс-шара аясында мамандар 1600-дан аса адамды зерттеуді жоспарлап отыр.

0 пікір
Мұрағат