|
Қазақстанда жаңа мұнай кен орны табылды
|
Энергетика министрлігі «Аңсаған» кен орнында жеңіл мұнай мен газ қоры табылғанын хабарлады, деп жазады abctv.kz.
«Аңсаған» кен орны Атырау облысының Жылой ауданында орналасқан. Анықталған мұнайгаз қабаты Теңіз кен орнынан да өте тереңде орналасқан.
«Кен орнының ықтимал қоры жоғары бағаланып отыр және болжанған көмірсутек ресурстарын растауға кең көлемді геологиялық барлау жұмысы бағытталды», – деп атап өтілген хабарламада.
Алдағы уақытта «Аңсаған» кен орнында бағалау жұмысын жүргізу, іргелес аумақтарда геологиялық барлау жұмысын кеңейту көзделіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді