Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығады
Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркелмеген смартфондар істен шығады
6 жыл бұрын 3327

Қазақстанда 2019 жылдан бастап тіркеуге алынбаған смартфондар істен шығады. Ақпарат және коммуникациялар министрі тіркелмеген телефондардың бұғатталатынын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы КТКарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Телефоныңыздан айырылып қалғыңыз келмесе, оны биылғы жылдың соңына дейін тіркеп үлгеруіңіз керек.
Әзірге тіркеудің еліміздегі қай сайтта жүзеге асатыны белгісіз. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, смартфондарды тіркеу – ұрланған және контрафактілі жолмен келген телефондарды анықтау үшін қажет. Сол үшін жауаптылар бұл істі тезірек қолға алуды көздеп отыр.

Айта кететін жайт, базаға ұялы телефонның IMEI-коды, оның иесі жайлы мәлімет және сәйкестендіру нөмірі енгізіледі.

“Тұрғындар байланыс құрылғысын жылдың соңына дейін тіркеуі тиіс. Өйткені, келесі жылдан бастап, тіркелмеген телефондарға сим-карта салынғанымен жұмыс істемейтін болады. Яғни, смартфонды қолдану үшін базаға тіркелуге тура келеді”, – дейді Дәурен Абаев.

0 пікір
Мұрағат