ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ БІРІГІП КҮРЕСУДІ ҰСЫНДЫ
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ БІРІГІП КҮРЕСУДІ ҰСЫНДЫ
8 жыл бұрын 5457 E-ISLAM

Душанбеде БҰҰ Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы жөніндегі аймақтық орталықтың ұйымдастыруымен Орталық Азия сыртқы істер министрлері орынбасарларының алтыншы жыл сайынғы кездесуі өтті.

Аймақтағы экономикалық және трансшекаралық, соның ішінде Ауғанстандағы ахуалмен байланысты қауіп-қатерлердің өсу тенденциясы әлі сақталып тұрғанын атап өткен кездесу қатысушылары Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы конструктивті қарым-қатынастарды жалғастыру қажеттілігін бірауыздан мақұлдады. Әсіресе, суды пайдалану, трансшекаралық ынтымақтастық және көлік қатынастары мәселелерін БҰҰ Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы жөніндегі аймақтық орталықтың қатысуымен және т.б. алаңдарда шешу оңтайлы деп атап өтті олар.

Делегаттар, сонымен бірге, аймақтағы, ең алдымен, радикализм, экстремизм мен терроризмнің айқын өсіп келуімен байланысты қауіпсіздік қатерлерін жою мен тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша Аймақтық орталықпен аймақтық серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға қатысты ойларын ортаға салды.

Қазақстан тарапы өкілдерінің жетекшісі ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Тимур Оразаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конфигурация бойынша барлық мемлекеттердің терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін БҰҰ жетекшілігінің астына біріктіруді, әрі оны террористік ұйымдар тізімін үйлестіру, терроризмге қатысы бар тұлғаларды аңду, тұтқындау мен экстрадициялаудың тетіктерін жасау, терроризмнің пайда болуы мен экстремизм өршуінің себептерін жою шараларымен ұштастыруды ұсынды.

Сонымен бірге кездесу барысында БҰҰ Аймақтық орталығының Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы аясындағы 2015 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. 

0 пікір
Мұрағат