|
ҚАЗАҚСТАН GLOBAL PEACE INDEX РЕЙТИНГІСІНДЕ ОРТА АЗИЯ БОЙЫНША БІРІНШІ ТҰР
|
Қазақстан Республикасы Орталық Азиядағы ең бейбіт мемлекет болып табылып отыр. "Global Peace Index" рейтингі бойынша біздің еліміз әлемнің 163 мемлекеті арасында 75-орынды иеленген. Айта кетерлігі, көршілес Түркменстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері бұл тізімде қазақ елінен кәдімгідей қара үзіп қалған. "Global Peace Index" рейтингісі жыл сайын Экономика және бейбітшілік институтының мамандарының сараптамасына сүйене отырып жасалады. Бұл орайда елдегі зорлық-зомбылық пен қылмыс көрсеткіші сияқты ішкі факторлар мен халықаралық қарым-қатынас, әскери салаға жұмсалған шығын секілді сыртқы факторлар ескеріледі. Рейтинг бойынша әлемдегі ең бейбіт ел Исландия деп танылса, Сирия мемлекеті тағы да тізімнің соңын орналасқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді