|
Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде нешінші орында
|
Алтын бойынша бүкіл әлемдік кеңестің мәлімдеуінше, Қазақстандағы бағалы металлдың қоры 291,9 тоннаны құрайды деп хабарлайды Lsm.kz.
2016 жылы Ұлттық банктегі алтынның көлемі 258,1 тоннаны көрсеткен болса, 2014 жылы бұл көрсеткіш 191,8 тоннаны құрайтын еді. 2017 жылыдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша, Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде 18-орынға көтерілді. Алтын қоры бойынша АҚШ 8133,5 тоннамен әлемде бірінші орында тұр.
Бұған дейін Қазақстан 58 ай көлемінде бағалы металл көлемін арттыру бойынша жұмыс атқарып келеді. Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан алтын қоры бойынша ТОП-15 қатарына кіруді көздейтінін айтқан еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді