Қайрат Жолдыбайұлының бастамасымен Шымкент шаһарында замануи білім мен ұлттық тәрбиені қатар беретін мектеп ашылды
Қайрат Жолдыбайұлының бастамасымен Шымкент шаһарында замануи білім мен ұлттық тәрбиені қатар беретін мектеп ашылды
11 ай бұрын 4171 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шымкент қаласынан 2023-2024 оқу жылында заманауи, яғни, осы заманғы озық білім мен ұлттық тәрбиені қатар үйрететін өзгеше білім ордасы ашылайын деп жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Қайрат Жолдыбайдың Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сонымен қатар, бір мезгілде 5-11 сынып оқушыларын қабылдау басталды. Оқу ақылы. Себебі, мектепке еліміздегі білікті ұстаздар мен майталман мамандар тартылады. Сондай-ақ, оқушыларға 3 мезгіл тамақ беріледі. Салыстырмалы түрде басқа ақылы мектептерден арзан болмақ.  

 Мектептің артықшылықтары:

1. Математика және ағылшын тілін тереңдетіп оқыту;
2. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен өнегесі арқылы ұлттық тәрбиені, қазақы мінезді сіңіру;
3. ҰБТ емтиханына арнайы дайындау;
4. Мектебіміздің кәсіби профориеонтологтары әр шәкірттің қабілет-қарымын анықтау арқылы болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі;
5. Кәсіби психологтардың көмегі;
6. Үй жұмысын мектепте орындау;
7. Бірнеше тегін үйірме;
8. Әр оқушыға тілмарлық, шешендік өнерін үйрету;
9. Айналасымен тиімді тіл табысуды, эмоция мен сезімдерін басқаруды меңгерту;
10. Тұлғалық даму пәні;

Қабылдау бөлімі: +7 777 100 99 77
Мектеп директоры: +7 777 143 02 02

0 пікір
Мұрағат