Ақуыздан жасуша әрекетін өзгертетін нанокомпьютер жасалды
Ақуыздан жасуша әрекетін өзгертетін нанокомпьютер жасалды
11 ай бұрын 1025 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Penn State Huck Institutes of the Life Sciences

Пенсилвания штаты (АҚШ) универистетінің ғалымдары әлемде алғаш рет жасушалық терапия негізін қалауы мүмкін ақуыздан нанокомпьютер агентін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушаның ішінде орналасқан ақуыздар жүйелері сыртқы ортадан келетін сигналдарды өңдеу үшін күрделі есептеу операцияларын орындайды. Жасушаның мінез-құлқын, дәлірегі, әрекетін өзгерту үшін синтетикалық биология шеңберінде жасушаға ақуыздық логикалық қақпаларды – логикалық операцияларды орындайтын молекулалық тізбектерді енгізуді көздейтін тәсіл ұсынылды. Тітіркендіргіштерге тез жауап беруге және өнімді шығаруға қабілетті бір ақуыз «нанокомпьютер агенті» деп аталады. Зерттеушілер нанокомпьютер агентін адамның Src киназа ферментіне екі сенсорлық доменді - белгілі бір ынталандыруға жауап беретін ақуыз аймақтарын біріктіру арқылы жасады. Олардың бірі - uniRapR - рапамицинге, ал екіншісі - LOV2 - көк жарықта әрекет етеді. Алынған ақуыз құрылғысы комбинаторлық логикалық схема ретінде қызмет етеді: рапамицин ақуыздың ошақты контактілерге қарай қозғалысына ықпал етеді, ал көк түс керісінше әсер етеді. Фокалды қосылыстар - жасушаны жасушадан тыс ұлпа, яғни, тін құрылымдарымен байланыстыратын жасуша мембранасындағы интегриндік рецепторлардың жинақталуы. Src-ті рапамицинмен белсендіру арқылы ғалымдар жасуша көші-қонын азайта алды және олардың бағытын өзгертті, бұл жайт олардың жасуша ішінде коллаген наноталшықтары бойымен туралануына (бір қатарға тұруына) әкелді. Бұл жағдайда алдымен рапамицин анықталса, онда жасуша бір бағдарды қабылдайды, егер тітіркендіргіштер кері ретпен қабылданса, онда бағдар басқаша болады. Осылайша, нанокомпьютер агенті коммутативті емес логикалық схемаға айналады. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі кіріс сигналдарының көбін қабылдайтын ақуыз агенттерін құру мүмкіндігін көрсетеді. Әлеуетті кірістер физикалық немесе химиялық ынталандыруды – жасушаның бағыт-бағдарын, көші-қонын, гендер экспрессиясының өзгеруін, қатерлі ісікке қарсы иммундық жасушалардың цитотокситтігін қамтуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат