Онкологиялық аурудың алдын алу мақсатында кез келген қазақстандық тексеруден тегін өте алады (видео)
Онкологиялық аурудың алдын алу мақсатында кез келген қазақстандық тексеруден тегін өте алады (видео)
8 жыл бұрын 2812 24.kz mzsr.gov.kz

Жыл сайын еліміз бойынша бас пен мойын қатерлі ісігіне шалдыққан 1700-дей адам тіркеледі. Олардың көбі кеселдің 3 және 4-сатысына жеткенде барып, онколог мамандарға жүгінеді. Сондықтан науқастар арасында өлім-жітім көбеюде. Екі жыл бұрын Еуропаның бас пен мойын зерттеушілер қауымдастығына мүше болған қазақстандық орталық бүгінде дерттің алдын алу шарасына баса назар аудара бастады. Сол себепті, Ресей мен Қазақстанның мамандары лор және тіс дәрігерлеріне онкологиялық аурудың алғашқы белгілерін анықтау жолдарын егжей-тегжейлі үйретпек. Сондай-ақ, онкологиялық аурудың алдын алу мақсатында Алматы, Қарағанды, Өскемен және Астана қалаларында 1 тамыз бен 23 қыркүйек аралығында кез келген адам тексеруден тегін өте алады. Ол үшін 88000805058 нөміріне қоңырау шалып, тіркелуіңіз керек. Игорь Решетов, РҒА корреспондент-мүшесі, м.ғ.д профессор: - Науқас біреу. Ал біз көппіз. Мәселен, адамның басындағы дертке тоғыз дәрігер тоғыз түрлі пікір айтады. Біздің бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – осы мамандардың жұмысын біріктіріп, онкологиялық аурудың алдын алу. Бұл ретте ұжымдық консилиумда науқасқа ең тиімді емдік жолды таңдау өте маңызды.

 

0 пікір
Мұрағат