|
ОЛИМПИАДА АЛТЫН АЛҒАН МҰСЫЛМАН ЖІГІТІ СЫЙАҚЫСЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАМАҚ
|
Күллі әлем көз тіккен Бразилиядағы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша алтын медельға қол жеткізген ингушетиялық Хасан Халмурзаев барлық сыйақысын қайырымдылық шарасына жұмсайтынын мәлімдеп отыр. Ол өзіне берілетін қаржыны туған республикасындағы жеткіншектер арасындағы спортты дамытуға жұмсайтынын да шешіп қойған. «Мен Ингушетиядағы дзюдомен айналысатын жас балаларға көмек көрсеткім келеді. Республика аумағында спорт мектептерін тұрғызуға үлес қоссам деймін. Біздің елден Олимпиада чемпиондары көптеп шықса екен», – дейді ол. Айта кетейік, Хасан Халмурзаевқа Олимпиада чемпионы атанғаны үшін Ресей елі 4 млн рубль төлейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады