|
Науқастардың көңілін сұрап қайтты
|
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) айтады: "Кімде-кім бір ауруды не мұсылман бауырын Алла үшін зиярат етсе, бір үндеуші (періште) оған былай деп дауыс қатады: "Тіршілігің хош болсын. Барған жолың да хош болды. Жұмақтан өзіңе бір сарай салдың".
Корпоративтік "Зекет" қоры Астана қаласы өкілдігі хадиске амал етіп, сүйікті Алла Елшісінің сүннетін жаңғырту ниетінде елордамыздағы онкологиялық клиникада ем қабылдап жатқан науқастарды зиярат етті.
Әрине, құр қол бармай, науқастарға ыстық манты, ошақта піскен ыстық бауырсақ, жеміс-жидек, қатпарлы самса, тандыр нан мен айран табысталды.
Көңілдері босаған жұртшылық осы бір қайырымдылық шарасына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Алла Тағала барша науқастарға шипасын беріп, рахымына бөлесін.
"Зекет" қорының баспасөз қызметі.
Астана қаласы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады