|
Министр 10 сотық жер кімге және қашан берілетінін айтты
|
Жыл сайын республика бойынша 40 мың адамға үй салуға он сотық жер берілетін болады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Мәселен, Алматы облысында салынатын баспананың сексен пайызы жеке меншік тұрғын үйлер болады. Тізімде он сотық жерге тұрғандар өте көп. Сондықтан біз әкімшіліктермен мынадай келісімге келдік: инфрақұрылым салған соң ғана он сотық жер беріледі. Инфрақұрылымға жыл сайын бюджеттен ақша беріп жатырмыз. Әрбір облысқа бір жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді», — деді Қасымбек үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, республика бойынша жылына 40 мың адам жер алатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады