ЖЕТІСУЛЫҚ КӘСІПКЕР БАЛ АРАСЫНА АРНАЛҒАН АЗЫҚ ӨНДІРЕДІ
ЖЕТІСУЛЫҚ КӘСІПКЕР БАЛ АРАСЫНА АРНАЛҒАН АЗЫҚ ӨНДІРЕДІ
4 ай бұрын 385 24.kz Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Қант қызылшасынан шәрбат шығарып, бал арасының азығы мен балапан жемін де дайындауға болады. Жетісу облысында тұратын Олжас Найзабеков есімді жігіті осындай ерекше кәсіпті бастады. Өндірістік жобаны жүзеге асыруға аймақтағы қызылша алқабының ұлғаюы және өнімге деген сұраныстың көптігі себеп болған.

Олжас Найзабеков қос бөлмені арнайы құрылғылармен жабдықтап, өндіріс орнына айналдырған. Бірінде қант қызылшасы тазаланып туралса, екіншісінде он сағат бойы тоқтаусыз қайнатылады. Сол арқылы шәрбәт алынады. Негізгі өндірістен бөлек ол төрт түрлі өнім шығарған.

Олжас Найзабеков, кәсіпкер: - Табиғи сиропымыз. Кондитерларға. Екіншісі квасымыз, үшіншіміз натуральный напиткіміз, төртіншісі корм араларға, скл тауық балапандарына жем шөп шығарып отырмыз.

Кәсіпкер бір тонна қант қызылшасын өңдеп одан 270 келі шәрбат өндірген. Қазір оны арнайы сараптамаға өткізіп, сапасын растайтын сертификат алу, өзге құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ербол Рахатов, кәсіпкер: - Кондитерлік компаниялармен алғашқы келісім жасалды. Құжаттандыру жұмыстары толық аяқталған соң шарттың жай жапсарын нақтылаймыз. Олардың қызығушылығы жоғары. Күніне бір тонна өнім өндірсек соның бәрін сатып алуға дайын. 

Аймақта қызылша алқабы ұлғайып келеді. Сондықтан кәсіпкерлер енді «Ауыл аманаты» арқылы жеңілдетілген несие алып, өндірісті ұлғайтпақ. Жалпы өткен жылы Жетісу облысында бес жүзден аса адам мемлекеттік жобаның игілігін пайдаланып, өз кәсібін бастады. 

 

0 пікір
Мұрағат