Hан тегін таратылады (видeо)
Hан тегін таратылады (видeо)
8 жыл бұрын 3148 24.kz

Тараздық жергілікті кәсіпкерлер осылайша тұрмыс жағдайы төмен, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді ұйғарыпты. «Кәсіпкерлер қамқорлығы» акциясы қолдау тапса, аудан орталықтарында да өткізілмек. Әзірге қалада 15 сауда нүктесі белгіленген. Бұл дүкендерде 1500 бөлке нан күнделікті таратылады. Тегін нан алу үшін ешкімнен ешқандай құжат талап етілмейді. Тек сеніммен ғана беріледі. Нұржан Календеров, Тараз қаласының әкімі: - Қаңтардан бастап нанның бағасы бізде жіберілген. Бірақ әлеуметтік нанның бүгінгі бағасы 48 теңгеден 55 теңгенің ортасында. Орташа бағасы 51 теңгеде ұстап отырмыз. Тараз қаласында 800-ден астам дүкен, сауда орталықтары және 16 базар бар. 55 теңгеден нанның бағасы асқан жоқ. Бүгінгі күні барлық шаралар қолданылып, бағаның артпауы жөнінде шаралар қабылданып жатыр.

0 пікір
Мұрағат