|
Есірткі өндірісі ең қауіпті қылмыс қатарына жатқызылды
|
Елде заңсыз есірткі өндірісі ең қауіпті есірткі қылмыстарының қатарына жатқызылды, деп хабарлады 24.kz
Мәжіліс есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымына қарсы заңды екінші оқылымда қабылдады. Ондағы жаңа нормаларда есірткіні «жасау» және «өндіру» ұғымдары ажыратылады. Есірткіні заңсыз өндіру өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалауға әкеп соғатын есірткі қылмыстарының аса қауіпті түрлеріне теңестіріледі. Атап айтқанда, есірткіні дайындау, қайта өңдеу қылмысы жаңа 297-1-бап ретінде енгізіледі. Қылмыстық кодекстің бұл бабын есірткі өндіру үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды
■
Тағы бір ел адам тәрізді роботтарды қарулы күштер сапына қабылдайды
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Ислами инвестиция биржаға шығады: Қырғызстан жаңа сектор ашуға дайындалып жатыр