Елімізде қанша көл мен өзен бар
Елімізде қанша көл мен өзен бар
5 жыл бұрын 5530 7kun.kz Гүлдана Қазтай, aboutkazakhstan.com

Республиканың өзендері, көлдері, су шаруашылығы құрылыстары мен уақытша ағындары аудиттен өтеді, деп хабарлады Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек.

«Су ресурстарының аудиті, ирригациялық жүйелер мен сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымы мәселелері бойынша: бүгінгі күні ауданы бір шаршы километрден және одан жоғары көлдердің атласы жасалды, ол 2 328 көлді қамтиды. Сондай-ақ, 2 552 өзен бойынша ақпарат бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін өзендерге, уақытша су ағындарына және көлдерге толық түгендеу жүргізу жоспарланып отыр», — деді Премьер-министрдің орынбасары.

Алдағы уақытта су объектілерін зерттеу тұрақты негізде жүргізіледі. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйіне визуалды аудит жүргізіледі.

0 пікір
Мұрағат