|
Елімізде «паранжа» мен «ниқаб» киюге тыйым салынуы мүмкін
|
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балаеваның сөзінше, міндетті түрде тыйымдар болады.
Қоғамдық орындарда діни киімдер киюге шектеу қойылады. Мен бүкіл әлемдік тәжірибені зерттедім, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе. Қоғамдық орындарда бетін жауып жүретіндерді тану өте қиын. Бұл мәселе қоғаммен бірге талқыланатын болады. Біз уәкілетті орган ретінде осы бағыттағы жұмысты күшейту және осы бағыттағы заңнамалық нормаларды қатаңдату бойынша жұмыс істейтін боламыз, - деді Аида Балаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады