Елімізде халал дәрі-дәрмек пайда болуы мүмкін
Елімізде халал дәрі-дәрмек пайда болуы мүмкін
10 жыл бұрын 4122

Иорданияның фармацевтикалық компаниясының елімізге халал дәрі-дәрмек жеткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады «Мегаполис» басылымы. Аталмыш компанияның экспортқа жауапты менеджері Ахмет Жәбірдің айтуынша, әдеттегі дәрі-дәрмекке қарағанда шариғат талаптарына сай дайындалған дәрі-дәрмектің құрамында ислам дінінде тыйым салынған доңыз майы мен спирт болмайды. Сондай-ақ, ол халал фармацевтиканың халықаралық нарықтағы үлесі шамамен бес пайызды құрайды. Халал дәрі-дәрмек ассортиментінде барлық елде қолданылып жүрген дәрі-дәрмектің 75 пайызы кездеседі екен. Ол халал дәрі-дәрмектің арнайы сертификатқа ие болатынын әрі сапасының да жоғары болатынын тілге тиек етті. «ФармМедИндустрия Казахстана» қауымдастығының төрағасы Серік Сұлтанов бүгінгі таңда елімізде халал дәрі-дәрмектің сатылмайтынын жасырмады. Қазақстан аумағында тек шұжық өнімдерінде және қонақ үй қызметінде ғана шариғат талаптары сақталатынын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат