Елімізде 9 мыңнан астам бала балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр
Елімізде 9 мыңнан астам бала балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр
9 жыл бұрын 3311 baq.kz

"Нұр Отан" партиясы мен Мәжілістің Әлеуметтік мәдени даму комитеті бірлесіп ұйымдастырған отырыста баяндама жасаған Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев бүгінгі таңда еліміздегі 188 балалар үйінде 9 192 бала тәрбиеленіп жатқандығын мәлімдеді.
- Жалпы алатын болсақ, елімізде бүгінгі таңда 32 мыңнан астам жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала болса, соның 9 192-нен өзгелері балалар үйінде тәрбиеленбейді. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын азайып келе жатқанымен, осыншама баланың аялы алақан мен отбасы бақытын сезінгісі келетіндігін ескеруіміз керек, - деді вице-министр.
Есенғазы Нұртөлеуұлы ұсынған деректерге сүйенсек, бұл мекемелердің жүйесі 58 балалар үйі мен мектеп-интернаттардан, 25 сәбилер үйінен, 18 ақыл-ойы жетілмеген балаларға арналған интернаттан, 13 жетімдер үйінен, 35 жасөспірімдер үйінен, 29 балалар үйі мен отбасылық үлгідегі ауылдардан және 6 жекеменшік балалар үйінен тұратын көрінеді.

 

2015 жылдан бастап бала асырап алушыға 75 АЕК төлем жасалуда

Кеше «Нұр Отан» партиясы фракциясының және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің бастамасымен Әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысы өтіп, жиын барысында жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алғаны үшін ел азаматтарына бір реттік 75 АЕК көлемінде төлем жасалатындығы айтылды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Осы жылдың алғашқы күнінен бастап күшіне енген еліміздің заңнамасына сәйкес қамқоршы мен тәрбиешілерге бір баланы күткені үшін ай сайын 10 айлық еңбек көрсеткіші көлемінде жәрдемақы төлемі жасала бастады: патронаттық тәрбиелеушілерге – жасына байланысты бір баланы күту үшін 9-10 АЕК көлемінде ай сайын жәрдемақы және білімі мен стажына байланысты тәрбиелеушіге айлық төленуде. Яғни, бала асырап алушыға 75 АЕК шамамен 148 мың теңге көлеміндегі - бір реттік ақшалай төлем қарастырылған. Мемлекет тарапынан жасалған осындай мүмкіндіктер қоғамдағы қамқорлықсыз қалған балалар санының азаюуына оң септігін тигізуде, - деді Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова.
Мемлекеттің ынталандыруы бала асырап алушылар санын арттыруда
Кеше "Нұр Отан" партиясы фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің және ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің бірлескен отырысы өтіп, отырыста жетім балаларды отбасыларға орналастыру мәселесі қаралды.
- Жетімдерді тәрбиелеудің отбасылық үлгісін дәріптеуді күшейту, зерттеу, жинақтау және аталған мәселе шешімінің озық тәжірибесін тарату керек. Отбасылық институтты нығайтып, жетім балаларға деген қалыптасқан көзқарасты өзгерту қажет, - деді отырыс тізгінін қолына алған Әлеуметтік кеңес төрайымы Айткүл Самақова.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларға орналастыру бойынша мәселені де жан-жақты талқылады. Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиевтің мәлімдеуінше, мемлекет қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны жыл сайын жүйелі түрде 10 пайызға азайып отырған көрінеді.
- Бүгінгі таңда елімізде 32 362 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың ішінде 21 350 жетім бала қазақстандық азаматтардың қолында тәрбиеленуде. 1 820 жеткіншек патронаттық тәрбиелеуге алынған. Соңғы жылдары қамқорлыққа алынған балалар санының артуына мемлекет тарапынан материалдық ынталандырудың өсуімен байланысты болып отыр, - деді Есенғазы Нұртөлеуұлы. 

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

0 пікір
Мұрағат