Елімізде 2023 жылдан бастап саусақ таңбасын алу енгізіледі
Елімізде 2023 жылдан бастап саусақ таңбасын алу енгізіледі
3 жыл бұрын 1528 Фото: Sputnik/Владислав Воднев

Қазақстанда 2023 жылы жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсімдеген кезде саусақ таңбасын алу енгізіледі.

Бұл туралы baribar.kz ақпарат көзі Нұр-Сұлтан полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамбетке сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесін Азаматтық хал актiлерi жазбаларымен интеграциялау арқылы жалған құжаттар ұсыну мүмкіндігі жойылатын болады. Сонымен бірге, әкімшілік кедергілер де алынып басталады. Біз азаматтардан тегінің өзгергендігі, туған жері мен күні, ұлты және басқа да нақтылау мәліметтері туралы құжаттарды талап етпейтін боламыз, — деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап жеке басты куәландыратын құжаттарды алу немесе ауыстыру кезінде саусақтардың таңбасын алу енгізіледі. Бұл да заңсыз құжат жасау тәуекелін айтарлықтай төмендететін болады.

0 пікір
Мұрағат