Ел іші: Елімізде сайлау туралы заңға маңызды өзгеріс енгізілді
Ел іші: Елімізде сайлау туралы заңға маңызды өзгеріс енгізілді
4 жыл бұрын 2086 Даурен Ерболат

Мәжілістің жалпы отырысында "Сайлау туралы" конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сайлау туралы" конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы заң жобасы Президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Заң жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылады", - деді Бекетаев. 

Министрдің пікірінше, заңға енгізілген бұл өзгеріс әйелдер мен жастардың саясатқа белсенді араласуына мүмкіндік береді. 

Заң жобасы депутаттар арысында қызу талқыға түсіп мақұлданды. Ондағы өзгеріске сәйкес, енді партиялық сайлау тізіміндегі адамдардың 30 пайызы міндетті түрде әйелдер мен 29 жасқа дейінгі жастар болуы тиіс. 

Осы орайда мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мақұлданған заңға қатысты пікірін білдірді.

"Еліміздің саяси бағытын жаңғырту жолында тағы бір нақты қадам жасалды. Бүгінгі мақұлданған заң жобасы аясында партияны тіркеу үшін қажет мүшелер саны 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқарады. Сонымен қатар партиялардың сайлау тізімінде әйелдер және жастар үшін 30 пайыз міндетті квота қаралады. Осының барлығы еліміздің қоғамдық-саяси өмірі үшін маңызды өзгеріс болып саналады", - деді ол.

«Қазақы терминдерді халық жасайды» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 1-18 сәуір аралығында «Қазақы терминдерді халық жасайды» республикалық байқауын өткізді. Бұл жайында Abai.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 14 талапкер қатысты.

Байқауға қатысушылар бірінші кезеңде (1-5 сәуір аралығы) өздері жасаған 5-10 терминді ұсынды. Сайтта, әлеуметтік желіде көпшіліктің дауыс беруі және қазылар алқасының шешімімен 5 байқау қатысушысы келесі кезеңге өтті. Екінші айналымда (7-12 сәуір аралығы) қатысушыларға 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылды. Бұл кезең қорытындысы бойынша Серік Ерғали, Нұрлан Шүленов, Ақылбек Шаяхмет қорытынды кезеңге жолдама алды. Үшінші кезеңде (13-18 сәуір аралығы) қатысушылар мәтін ішіндегі шеттілдік салалық терминдердің қазақша баламасын жасады. 

Байқау шартына сай қазылар шешімімен 362 ұпай жинаған Ақылбек Шаяхмет ІІІ орындды иемдеді. Ал ІІ орынды 367 ұпаймен Гұрлан Шүленбаев еншілесе, І орынға 370 ұпай алған Серік Ерғали лайық танылды.

Онлайн марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Н.Дәуешов қатысып, жеңімпаздарға құттықтауын жеткізді.

- Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты онлайн ұйымдастырлыған бұл шара да оң нәтижесін көрсетті. Байқау қатысушылары термин сөздердің мағынасына үңіліп, ұтымды ұлттық атаулар ұсына білді. Талапкерлердің термин табиғатын түсініп, сөзжасам, терминжасам тәсілдерін дұрыс пайдаланғандықтарын мамандар жақсы бағалауда. Сондықтан осындай білім мен біліктілікті қажет ететін байқауға қатысып, үздік нәтижеге жеткен жеңімпаздарды құттықтаймын. Алдағы уақытта да ұлттық терминқордың дамуына үлестеріңізді қосатындықтарыңызға сенімдімін, - деді ол.

Шара барысында байқаудың екінші кезеңінде белсенділік танытқан талапкерлерге де министрдің арнайы алғысхаты табысталды.

«Қазақы терминдерді халық жасайды» байқауының жеңімпаздары марапатталды

0 пікір
Мұрағат