Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі халықты не алаңдататынын білгісі келеді
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі халықты не алаңдататынын білгісі келеді
7 жыл бұрын 4710

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі азаматтық сектордан келіп түскен тұрғындарды алаңдататын көкейкесті мәселелерді (бұдан әрі – тұрғындардың көкейкесті мәселелері) жинақтау мен талдау бойынша жұмыстар жүргізуде деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Талдау барысында барлық мәселелер келесі қырлардан қарастырылады:

- шешімі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін жүйелі тәртіптегі мәселелер;

- шешімі белгілі бір мемлекеттік органның нақты шешімін немесе қолданыстағы мемлекеттік механизмдердің аясында атаулы көмекті талап ететін жедел сипаттағы мәселелер;

Кейін, қалыптастырылған мәселелер тізімі құзыреттілігі бойынша қарастыру үшін және оларды шешуге тиісті шаралар қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданады. Мысалы, 2017 жылдың басынан қалыптастырылып жатқан көкейкесті мәселелер тізімі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кең ауқымын қозғады. Осылайша, өткен кезеңде:

- жанар-жағармай материалдарының, халық тұтынатын тауарлар мен әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсетулердің бағасының өсуі;

- Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізудің жөнсіз жоғары шығындары;

- тұрғындардың, соның ішінде жастардың жұмыспен қамтылуы;

- мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі;

- жер ресурстарының тапшылығы;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

- су тасқыны;

- білім беру;

- жасөспірімдер суициді;

- жолдағы қауіпсіздік;

- зейнетақы жүйесінің реформалары;

- банк секторы және т.б. ең көкейкесті мәселерге айналды. Тұрғындардың көкейкесті мәселелерін шешуде қолданатын шаралар бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жауаптарына жүргізілген талдау, тұрғындардың көкейкесті мәселелері тізімін қалыптастыру бойынша азаматтық сектор өкілдерімен жұмысты жалғастырудың мақсаттылығын көрсетті. Осыған орай, үкіметтік емес сектор өкілдерін, сондай-ақ барлық бей-жай емес азаматтарды көкейкесті, алаңдататын мәселер тізімін қалыптастыруға белсене ат салысуын сұраймыз дейді министрлік.

Өз ұсыныстарыңызды kdgo_press@post.kz электрондық поштасына немесе 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-інші кіреберіс, Қазақстан республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жолдауларыңызға болады.

0 пікір
Мұрағат