Дағдарыста қазақстандықтардың қандай тауардан бас тартып жатқаны белгілі болды
Дағдарыста қазақстандықтардың қандай тауардан бас тартып жатқаны белгілі болды
8 жыл бұрын 2985 tengrinews.kz

Қазақстан нарығында электронды техниканың және әшекей бұйымдардың саудасы тұралап қалды. Сарапшылар мұның себебі деп жаңа экономикалық жағдайларға өз уақытында бейімделмеуді атап отыр, - деп хабарлайды 24.kz.

Сарапшылардың айтуынша, қымбат алқаларға, сағаттарға және компьютерлерге деген сұраныс бекерден құламаған. Бұл бірінші кезекте сол тауарлардың шетел валютасымен Еуропа территориясынан жеткізілетініне байланысты. Әлемдік қаржылай тұрақсыздық жағдайында мұндай кәсіп шығын келтіреді. 

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, қазақстандықтар жыл сайын киімге қыруар қаражат жұмсайды екен. Мәселен, соңғы мәліметтер бойынша, джинс, костюм сияқты киім түрлері бірінші орынды алып отыр. Сонымен қатар, қазақстандықтардың автомобильге көп қаражат шығындайтыны анықталды. Одан кейін құрылыс материалдары, дәрілік заттар және жиһаздар. Ал азық-түлікке келер болсақ, олар жалпы сауда көлемінің 30 пайызын алып тұр. Жылына шамамен 300 миллиард теңге ет сатып алуға, 222 миллиард теңге - көкөніс пен жеміске. Ал ең аз сатылатын тауарлар: балықтар, асшаян, ұлу. 

Қазіргі жағдайда сатып алушыларды тарту үшін отбасылық ойын-сауық орталықтары мүмкіндігінше маусым және маусымаралық акцияларды көп өткізуге және бонус жүйелерін жасауға бейім. Ал экономика ғылымдарының кандидаты Жангелді Шымшықов халықтың шамадан тыс үнемшілдігінің ел экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін екендігін айтады. Сарапшының пікірінше, қазақстандықтар отандық тауар сатып алуы керек. (...) Экономиканың секторы көмекке келуі керек, яғни қажеттінің барлығын үйде дайындау", - деді ол.

0 пікір
Мұрағат