Ауру тудыратын гендердің белсенділігін басатын технология қатерлі ісіктің пайда болу қаупін қайтарады
Ауру тудыратын гендердің белсенділігін басатын технология қатерлі ісіктің пайда болу қаупін қайтарады
2 жыл бұрын 2292 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары нақты иммундық жасушалардағы ауру тудыратын гендердің белсенділігін қауіпсіз әрі тиімді жолмен басудың гибридті технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы tmd.ac.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Токио медициналық және стоматологиялық университетінің (TMDU) ғалымдары ДНҚ/РНҚ гибридтік молекуласын (гетеродуплексті олигонуклеотид (heteroduplex oligonucleotide, HDO) жасады. Дәлірегі, гибридтік молекула деген химиялық синтездеу арқылы немесе ұзын полинуклеотидтерді ыдырату жолымен алынған ДНҚ немес РНҚ фрагменті (жұрнағы немесе үзігі). Оның ерекшелігі сонда – бірден, яғни, тікелей лимфоциттерге жеткізіліп, оларың функциясын реттейді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Масаки Оягидің айтуынша, гибридтік молекуланың нақты тізбегін өзгертілуі тиіс деп саналатын генге бағыттау үшін өзгертуге болады. Гибридті молекуланың негізгі бөлігі ретінде алға шығатын α-токоферол молекуласы олигонуклеотидті керекті жеріне дәл жеткізуде маңызды рөл ойнайды. Өйткені, α-токоферол лимфоцитарлық иммундық реакцияның дұрыс болуы үшін қажет, оны үстеу өз кезегінде гибридтік молекуланы периферилік қанға жеткізуге көмектеседі әрі лимфоцитке бағыттауға ықпал етеді. Бұл тарапта тышқанға жүргізілген тәжірибенің оң нәтиже көрсеткенін де айта кету керек: гибридтік молекула лимфоциттегі дұрыс емес гендердің белсенділігін басқан. Бұл технологияның, сонымен қатар, организмге тигізер улы зияны аз екенін де айта кетпекпіз. Иммундық жасушалардың бір бөлігі болып табылатын Т және В-лимфоциттер лейкоциттер секілді бірге жұмыс істейді вирусты жою үшін. Алайда, Т және В жасушалары керек емес кезде белсенділігін оятса, бұл организмнің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Бұл арада аутоиммундық аурулар мен түрлі қатерлі ісіктер турасында сөз болып отыр. Болашақта осынау жаңа технология осындай қатерлі аурулардың алдын алуға көмектесетін болады. 

0 пікір
Мұрағат