Ақтауда роботтандырылған дәріхана ашылды (ФОТО)
Ақтауда роботтандырылған дәріхана ашылды (ФОТО)
8 жыл бұрын 3257 ҚазАқпарат

Батыс Қазақстан аумағында тұңғыш рет  роботтандырылған «PHARMA PLUS AKTAU» дәріханасы ашылды.

Жоба «Астана Innovations» АҚ қолдауымен жүзеге асты. «Дәріханалық робот» жобасы - бұл  «Aster Lab solutions» (Қазақстан) және «Tecnilab Group» (Италия) компанияларының бірлескен өнімі. Оны өндіруге  SES бағдарламасы бойынша Германияның тәуелсіз бизнес-сарапшылары тартылды.

TwinTec моделіндегі дәріханалық робот - бұл автоматтандырылған іздеу жүйесі.

Сөрелері бар шкафтың орнына инновациялық панель бар. Фармацевт препараттың атауын деректер базасына енгізеді және пернені басу арқылы тиісті дәрілерді жиюға команда береді.  Бұдан кейін транспортер іске қосылып, қажетті қаптамаларды алып, оны фармацевттің жұмыс орнына жеткізеді. Операция уақыты шамамен 5-тен 10 секундқа дейінгі уақытты алады. Деректер базасында препараттың 1000-нан астам түрі бар. Робот ішінде 10 мың препарат сақтау мүмкіндігі бар.  

Алғаш рет мұндай тәжірибе Германия, Италия, Францияда пайда болды.

null

null

null

0 пікір
Мұрағат