Алматыда «Тілек білдіру ағашы» орнатылды (ФОТО)
Алматыда «Тілек білдіру ағашы» орнатылды (ФОТО)
8 жыл бұрын 6790 Автор: Жаппарберген Айбота
Алматыда Charity Wish Tree жобасы аясында бір мезетте төрт сауда ойын-сауық кешендерінде «Тілек білдіру ағашы» орнатылды. Бұл шараны қаламыздағы жоғары оқу орындары студенттерінің бастамасымен Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Биыл, балалар үйінің 700-ден астам тәрбиеленушісі, Алматы, Есік, Қаскелең қалалары және Талғар мен Іле аудандарында тұратын әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары Жаңа жылға қарай сыйлықтар алатын болады.  

Charity Wish Tree жобасы Алматыда 2014 жылы AlmaU (Almaty Management University) университетінде қолға алынған болатын.

Онда бір топ студент қаладағы №1 балалар үйі балаларының тілегін орындаған еді. Ал бүгінде бұл жобаға 12 жоғары оқу орны мен 200-ден астам ерікті жұмылдырылған. Бұл жерде балаларға сыйлықтарды жеке азаматтар да компаниялар да жасай алады. 

«Біз бұл жобаны жүзеге асыруға осыдан екі ай бұрын мықтап кірістік. Осыған орай, балалар үйлерін, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды және басқа да баспаналарды аралап, балалардың Жаңа жылға орай тілектерін жинап шықтық. Бүгін бұл ағашта сол тілектер ілінді. Енді кез келген адам келіп, белгілі бір тілекті таңдап алып оны орындай алады. Егер қаласа, сол балаға арнаған сыйлығын өзі барып қолына табыстай алады.  Алдағы 13  желтоқсанда жоба жабылып, қорытынды шығарылады. Кейін балалар үйлерімен келісіп, сыйлықтарды тарату кестесін шығарамыз. Сөйтіп, соған қарап, сыйлықтарды тарата бастаймыз», -  деді AlmaU университетінің екінші курс студенті Нигора Бахоудтинова. 

Айта кетелік, бұл жобаға елімізге танымал эстрада жұлдыздары, басқа да салада қызмет атқаратын белгілі тұлғалар қатысып жатыр.  көптеген

Акция алдағы 5  желтоқсаннан 13  желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл күндері Dostyk Plaza, Esentai Mall, MEGA Alma-Ata және MEGA Park сауда ойын-сауық кешендерінде орнатылан «Тілек білдіру ағашының» жанында таңғы сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін еріктілер кезекшілік ететін болады.

null

0 пікір
Мұрағат