Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
1 сағат бұрын 28 inbusiness.kz Әсем Қабылбекова

Тексеру барысында тиісті құжатты беретін компанияның ұлттық аккредиттеу жүйесінде тіркелмегені анықталды.  

Алматыдағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "HALAL-HOLDINQ" ЖШС-ін тиісті аккредитациясыз "халал" сертификаттарын бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметінше, компания өнімдер мен қызметтердің "халал" талаптарына, оның ішінде OIC/SMIIC халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қажетті рұқсатсыз рәсімдеп келген. Іс материалдарына сәйкес, мұндай сертификаттар бірқатар кәсіпкерлік субъектілеріне берілген.

Сот қаулысында бұл құжаттардың кәсіпкерлер тарапынан коммерциялық қызметте пайдаланылғаны, яғни тұтынушылардың сеніміне, серіктестермен қарым-қатынасқа және компаниялардың іскерлік беделіне тікелей әсер еткені айтылған.

Компания директоры Алмагүл Әбілдинова сот отырысында құқық бұзушылықты мойындап, іс материалдарындағы деректерді растаған. Нәтижесінде серіктестікке 25 АЕК (108 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

0 пікір
Мұрағат