|
Түркия кітапханасында оқырмандарға шай мен сорпа тегін беріледі (видео)
|
Түркияда оқырмандарға шай, кофе және сорпаны тегін беретін кітапхана жұмыс істейді. Меркезэфенди кітапханасы таңнан кеш батқанға дейін оқырмандарға толы. Білім нәрімен сусындап, ой-өрісін кеңейткісі келетін жандар бұл мекемеге жиі бас сұғады. Себебі, шай, кофе, тіпті сорпаға дейін тегін таратылады. Аталған кітапханада танымдық және тақырыптық 50 мыңға жуық кітап бар. Біреу сабағына дайындалса, енді бірі жайлы жерде шай сораптап кітап оқиды. Сорпа ішіп, әңгіме дүкен құратын шағын асхана да бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады