Түркия әлемде тұңғыш рет лазерлі дрон құрастырды (видео)
Түркия әлемде тұңғыш рет лазерлі дрон құрастырды (видео)
2 жыл бұрын 3796 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Түркия ұшқышсыз ұшатын, соның ішінде соққы беруші аппараттарды құрастыруда Израил, АҚШ, Қытай секілді бір саусақтың санына жетпейтін мемлекеттер қатарында тұр. Түркияның әскери мақсатта қолданылатын мұндай аппараттары әлемде үлкен сұранысқа ие. Бұл жайында islam.kz порталы жарыса жазып жатқан түріктердің бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде Anadolu ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де түрік инженерлері бұл жетістіктерімен шектеліп немесе тоқмейілсіп қалмай, бұл тараптағы технологияны ұдайы жетілдірумен келеді. Соның бірі - лазерлі ұшу аппараты. Негізінде бұл аппарат қашықтан минаны залалсыздандыру үшін жасалған. Яғни, майдан даласындағы қауіпті қаруды жоя алады. Сынақ кезінде 10 секунд ішінде 100 метр биіктен 3-мм көміртекті пластинаны тесе алған. TÜBİTAK және ASISGUARD түрік компаниялары құрастырған Eren лазерлі квадрокоптер әлемде тұңғыш рет құрастырылып отыр. 

 

0 пікір
Мұрағат