Трэвэл-блогер мұсылмандарға қатысты жаңсақ ұғымнан қалай арылғанын айтып берді
Трэвэл-блогер мұсылмандарға қатысты жаңсақ ұғымнан қалай арылғанын айтып берді
9 ай бұрын 779 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында танымал ресейлік «Орел и решка» деп аталатын саяхатқа қатысты хабардың алғашқы жүргізушісі әрі трэвэл-блогер (саяхатшы блогер) Жанна Бадоева “Forbes Woman” дерек көзіне берген сұхбатында шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйелдерге байланысты қалыптасқан жаңсақ ұғымнан қалай құтылғанын айтып берді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Әлемнің әр түкпіріндегі адамдар сүйгенімен қосылып, балалрын тәрбиелеп, әртүрлі өмір сүреді. Осыларды көргенде қалыптасқан стереотиптер өз мәнін жояды», - деп ағынан ақтарылған ол стереотипке өз жанынан мынадай анықтама бере кетеді: «Стереотип бұрылуға мұрша бермейтін бұғау секілді ғана емес, сонымен қатар, адам өмірін улайтын ауыр жүк. Мәселен, адамның жасына байланысты стеоротипті алайықшы. Посткеңестік кеңістікте әйел адам «енді кеш болады» дейтін белгілі бір меже алдында тұрады. Яғни, әлеуметтік өмірге араласуға, кездесуге, баруға, сүюге, қарым-қатынас құруға, саяхаттауға, маған 52 жастамын ғой, енді бәрі кеш дейтін түсінік қалыптасқан. Немерелеріне әр секунд сайын шұлық тоқу сәтіне жақындай түседі. Ал, мысалы, Еуропада жұмысқа барғандай саяхаттайды, әйел жасы деген түсінік жоқтай.  70 жасыңда да 20 жастағы секілді өмір сүре аласың: таңертең білім аласың, киноға барасың, достарыңмен кездесесің, демалыс күндеріңді ермекке айналған ісіңе (хобби) арнайсың. Ешкім саған: «Ойбай, сенде жаңа хобби пайда болыпты ғой!» деп таңқалмайды, өйткені, мұның бәрі қалыпты жағдай». Блогердің айтуынша, саяхат стереотиптерді жояды, стереотиптен арылған адамға өмір сүру қолайлы әрі жеңіл. Бірде «Өзшелердің өмірі» деп аталатын жаңа бағдарламаның кезекті эпизодын түсіру кезінде абайға (әйел адамның денесін жауып тұратын ұзын киім) оранған мұсылман әйелмен тілдесіп қалдым. «Сіз ашық түсті әдемі көйлек кигіңіз келмей ме?» деп сұрадым. Ол: «Әлбетте, жоқ»,- деп жауап берді. Түріне қарасам, рас айтып тұр, бақытты көрінеді. Еуропалық әйелге оның таңдауы дұрыс емес, еркіндігіне шектеу қойылған секілді көрінер еді. Мен үшін мұндай сәтте таңқалудың немесе наразылық танытудың қажеті жоқ, әлем өзгеше екенін түсіну маңызды. Оларды қалай өмір сүретініне қарап айыптаудың, ренжудің қажеті жоқ, оның орнына себебін анықтап, мәдени астарына үңілу керек, ата-бабасынан ұрпақтарына мұра болып қалан өмір сүру салтына қарау керек.

0 пікір
Мұрағат