Тибет мұсылмандары туралы аз-кем мәлімет
Тибет мұсылмандары туралы аз-кем мәлімет
2 жыл бұрын 3882 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тибетте тек буддашылар ғана емес, сонымен қатар, мұсылмандарда өмір сүретінін көп адам біле бермейді. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Будданың (Будда - адам аты емес) шыққан жері, яғни, отаны Үндістан делінгенімен бүгінде оның рухани ордасы – Тибет. Сәл шегініс: Будда (санскрит बुद्ध) — будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдарысанскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған – Уикипедия электронды энциклопедиядан). Тибеттегі будда монахтарының танымал болып, жергілікті мұсылмандардың тасада қалуына ең алдымен аталған наным-сенімге тән ілімнің дамыған елдердің қызығушылығын тудырғаны себеп болып отыр. Тибет монахтары туралы сансыз кітап жазылды, фильмдер түсірілді, қысқасы, барынша насихатталды. Тибет мұсылмандары – сол таулы аймақ тұрғындарының тілінде сөйлейтін, сол халықтың өкілдері, алайда, әлем қауымдастығына беймәлім азшылық. Тибетке ислам 14-ші ғасырда келді. Кашимрлік, қытай, Ладаһ саудагерлері арқылы. Дәлірегі, сегізінші ғасырдың орта шенінде Тибетте алғашқы мұсылмандар пайда бола бастады. Кашмирлік саудагерлердің кейбіреуі тибет әйелдеріне үйленіп, өз алдына бір қауым елге айналған. Оларды жергілікті халық «качи» (кашмир) деп атап кеткен. 1950 жылы Қытай басқыншылары Тибетке кіргенде Далай-лама қытайландыру саясаты мен коммунистік жүйенің құрбаны болудан қашып, көптеген монахтармен Дхарамсалға бой тасалайды. Тибет монахтарымен бірге мұсылмандардың біраз бөлігі де бас сауғалайды. Олардың көбісі Бенгалияның батысында және Катмандыда тұрады. Далай-Лама олармен жиі байланысып, хабар алмасып тұрады, діні бөлек, болғанымен олар тибеттіктер болғаны үшін. Хосе Кабезон Калифорния университетінің профессорының айтуынша, Далай-лама оларды діні бөлек болғаны үшін бөле-жарып қарамаған, олармен байланысын үзбейді. Таяуды Тибетте Сакина Батт есімді непалдық бойжеткен үкіметтегі қызметі үшін марапатталған екен. Ол Далай-ламамен кездесу құрметіне ие болады. Сакина мұсылман болғанымен өздерінің көсемдерімен кездесуден бас тартпаған.

0 пікір
Мұрағат