Сұраныс азайып бара жатқандықтан қуыршаққа хиджап кигізді
Сұраныс азайып бара жатқандықтан қуыршаққа хиджап кигізді
7 жыл бұрын 5974 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі бренд, балалардың сүйікті ойыншығына айналған Барби қуыршағының айтарлықтай тарихы бар. Аталған ойыншық түрі сонау өткен ғасырдың орта шенінен бері, дәлірегі, 1959 жылдан бері сатылып келе жатыр. Алайда, соңғы жылдары бұл қуыршаққа сұраныс азайған. Менеджерлер енді оны өткізудің жаңа тәсілін тапқан сыңайлы: қуыршаққа жиджап кигізу арқылы сұранысты арттыруға болады деп санайды. Естеріңізде болса, кеше, яғни, мамыр айының 5-і күні "Хиджабты кімдер және не үшін маркетингтік жарнамаға айналдырып отыр?" деген тақырыпта материал жариялаған едік. Онда тарнсұлттық компаниялардың хиджапты өз капиталын арттыру мақсатында жарнама құралы ретінде пайдаланып отырғанын айтқан болатынбыз. Бұл жолы хиджапты қуыршақты өткізу мақсатында пайдаланып отырғанын айтқымыз келеді. Өткен айда Питтсбургтің үш тұрғыны, дәлірегі, Жизель Феттерман, Сафа Бұхари және Кристен Майклзаналар есімді аналар қыз балаларға «Hello Hijab» киім үлгісіне арналған жаңа брендті ұсынды. Ол Барбу қуыршағына шақ келетін киім үлгісі. Олардың бұл бренді сұраныс жоғары: 6 доллардан талап әкетіп жатыр. Бұл жайында The Telegraph ақпарат көзі хабар таратты. «Hello Hijab Питтсбургте жасалған. Түскен табыстың барлығы, яғни, 100%-ы мультимәдениетті қорғайтын ұйымның жұмысына қолдауға жұмсалады",- деді қуыршақ хиджабымен жабдықтаушылар. Сондай-ақ, нигериялық медик Ханифа Адамның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жиі жарияланатын хиджап кигізілген қуыршағы - Hijarbie жобасы да ғаламтор пайдаланушылар тарапынан қолдау тауып келеді. 

0 пікір
Мұрағат