Сауд Арабиясында Aquellum футуристік жерасты жобасы жүзеге асырылады (фото+видео)
Сауд Арабиясында Aquellum футуристік жерасты жобасы жүзеге асырылады (фото+видео)
4 ай бұрын 988 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының аумақты дамыту жөніндегі Neom агенттігі болашақтың цифрлық ауданына, сырт көзге көрінбейтін жерасты әлеміне айналатын Aquellum жаңа жобасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба табиғатпен біріктірілген таңқаларлық сәулетке негізделген. Қонақ үйлер, пәтерлер, дүкендер, инновациялық орталықтар, демалыс және ойын-сауық аймақтары өзара байланыста болады. Ақаба шығанағының жағалауында орын тебуі тиіс Aquellum биіктігі 450 метрге жететін тау сілеміндегі футуристік экожүйеден тұрады. Оған жету үшін туристер мен меймандар әлемдегі алғашқы қалқымалы пирстерден басталатын ерекше саяхатқа шығады. Мұнда қонақтар арнайы құрастырылатын кемеге мініп, жасырын, жерасты арнасы арқылы Aquellum аймағына кіреді. 

Проект Aquellum / © Neom

Проект Aquellum / © Neom

Проект Aquellum / © Neom

Проект Aquellum / © Neom

Проект Aquellum / © Neom

0 пікір
Мұрағат