Сапалы дінтанушы даярлау
Сапалы дінтанушы даярлау
6 жыл бұрын 2829

Сәуір айының 20-күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйытқы болуымен «Шаңырақ» діни кеңес беру және оңалту орталығының басшысы Мирхат Мұратұлының дінтану мамандығы студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуде М. Мұратұлы студенттерге қазіргі діни жағдайға, теріс діни ағымдарға талдау жасап, теориялық білім алумен қатар тәжірибенің де маңыздылығын түсіндірді. Сапалы маман даярлау кафедра үшін де күн тәртібінде. Осы орайда алда іріктелген дінтанушы мамандарды тәжірибеден қатар өткізіп отыруға жоспар жасалып, бірлескен жұмыстар жүргізілмек. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып, бастаманы қызу қолдайтындықтарын білдірді. 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Дінтану және мәдениеттану 

кафедрасының аға оқытушысы, 

PhD докторы        

Бағашаров Құдайберді

Пікір білдірілмейді.
Мұрағат