Құран өртеу акциясына наразылық ретінде қасиетті Құран мүсіні жасалды
Құран өртеу акциясына наразылық ретінде қасиетті Құран мүсіні жасалды
7 ай бұрын 730 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Астрахан ислам колледжінде «Жаратушының ақиқаты» деп аталатын сәулет жобасының салтанатты ашылу шарасы өтті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде «Астрахань 24» ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айтулы шараға Астрахан облысының мүфтиі Рауф хазірет Жантасов бастаған қалалық мешіт имамдары, аталмыш білім ордасының студенттері және әскерилер қатысты. Өзгеше мүсін беті ашық Құранды бейнелейді, оның беттерінде «Хұжрат» сүресінің 13-ші аяты және «Нұр» сүресінің 35-ші аяты ойып салынған. Виктор Кропачев есімді ресейлік мүсінші бұл жобасына бір ай шамасында тер төккен. Мүсін тот баспайтын болаттан, мыс пен қоладан жасалған және салмағы 30 келіден асады. Осылайша таяуда еуропалық елдерде орын алған исі мұсылманның қастері кітабын өртеу науқанына жауап ретінде қасиетті Құранға ескерткіш соғылды. Жобаны қолға алмас бұрын мүсінші Астрахан облысы мүфтиінің ақ батасын алды.

0 пікір
Мұрағат