|
ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН АЯЛДАМАЛАР САЛЫНАТЫН БОЛДЫ
|
Дағыстанның Хунзак ауданында арнайы намаз оқитын бөлмелері бар аялдамалар салуды қолға алып отыр. Көне замандағы күзет мұнарасы негізінде салынған аялдамаларда енді үш адам емін-еркін құлшылығын жасайтын болады.
Қазіргі кезде жоба бойынша дайындалған алғашқы аялдама пайдалануға беріліп те қойған. Екінші аялдама құрылысы lf әне-міне бітуге таяу тұр дейді.
«Мұндай аялдамаларда көлік күтіп, уақытыңызды босқа өткізбейсіз. Құлшылық жасап, сауапқа кенелуге керемет мүмкіндік», – дейді аудан басшысы Шамиль Аммаев.
Оның айтуынша, аудан бойынша жалпы саны 10 аялдама тұрғызу жоспарланған. Дегенмен, намазхана-аялдамалар халық көңілінен шығып, одан да көбірек орнатуға тырысамыз дейді аудан басшысы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды